Асқар Мамин Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозермен кездесті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында инвестициялық салада, мұнай саласында, агроөнеркәсіптіксекторда ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

«Құрама Штаттар Қазақстанның басты серіктестері мен инвесторларының біріболып қала бермек», - деп ҚР Премьер-Министрі, 2018 жылғы қаңтардағы ҚР ТұңғышПрезиденті Н. Ә. Назарбаев пен АҚШ Президенті Д.

Трамп қол жеткізген уағдаластықтарды іске асырудың, сондай-ақ, өзара тиімдіөзара іс-қимыл көкжиегін кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 37,3%$2,2 млрд дейін өсті. Америкалық инвестициялардың Қазақстан экономикасына ағымы44,7% өсті және $5,3 млрд жетіп, жаңа абсолютті рекорд орнатты.

«Инвестициялар тартып,стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвесторларға аса қолайлыжағдай жасауға ерекше назар аударылады. Жаңа тәсілдер америкалық серіктестерүшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды», -деді А. Мамин.

Перспективалы экспортқабағдарланған салаларда инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелерін тиімдішешу үшін тікелей шетелдік инвестициялар бойынша Үйлестіру кеңесі және Тікелейшетелдік инвестициялар қоры құрылды.

ҚР Премьер-Министрі іріамерикалық компаниялардың агроөнеркәсіптік сектордағы жобаларын жүзеге асырудыңперспективалығын атап өтті және өңір нарықтарына шығумен Қазақстан аумағындаөндірісті ұйымдастырудың мүмкіндігіне тоқталды.

Өз кезегінде, У. Мозеринвестициялық ахуалды жақсарту тәсілдерін жоғары бағалап, америкалық тараптыңынтымақтастықты қолданыстағы форматта жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар