Комитет отырысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы, ҚР ҰҚП Президиумының мүшесі Асқар Мамин Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағасы болып сайланды.
Отырыс барысында теміржол, автомобиль және теңіз көліктерінің мәселелерімен және көліктік логистика, азаматтық авиация және байланыс сұрақтарымен айналысатын комитет жанындағы құрылымдар жасақталды.
Сонымен қатар отырыста Комитеттің 2014 жылға арналған жұмыс жоспары жасалды. Сонымен қатар 17-19 ақпан аралығында өткен ЕЭК мүше мемлекеттердің сарапшылары шығарған шешімдер талқыға салынды. ҚР көліктік саласын дамытудың 2020 жылдарға арналған жоспары да қаралды.