Асқар Мамин Қостанайдың индустриялық даму барысымен танысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қостанай облысында болып, өңірдің индустриялық және инфрақұрылымдық даму барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ТұңғышПрезиденті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың стратегиялық мақсаттарына, сондай-ақ,Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес, машина жасау саласындамыту ҚР Үкіметі қызметінің басымдықтарының біріне айналды. Сондықтан да,жұмыс сапары барысында машина жасау саласын дамыту мәселелеріне ерекше көңілбөлінді. Қостанай қ. жаңа Индустриялық аймағының аумағында құрылыстың алғашқыкезеңі аяқталды, «Беларусь» және «Кировец» қуатқа қанық тракторларының өндірісііске қосылды. Барлығы аймақ аумағында 3 мың жұмыс орнын құрумен, 350 млрдтеңгеге 14 жобаны орналастыру көзделген.


Өңірэкономикасы мен барлық саланы индустриялық-технологиялық дамыту драйверлерініңбірі — автомобиль құрастыру. Асқар Мамин сала көшбасшысы —«СарыарқаАвтоӨнеркәсіп» ЖШС өндірістік цехтарын қарады, онда жеңіл және жүкавтокөліктерінің, автобустардың шанақтарын құрастыру, біріктіру және бояужұмыстары жүргізіледі. Кәсіпорынның жыл сайынғы өндірістік қуаттылығы 27 мыңданадан астам, мұнда 8 брендтің 50-ден астам автокөлік үлгілеріқұрастырылады.

ҚРПремьер-Министрі Қазақстанда автокөлік құрастыру және ауыл шаруашылығымашинасын жасау мәселелері жөнінде жұмыс кеңесін өткізді, онда ҚР индустрияжәне инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр, ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Шығыс Қазақстан облысының әкіміД. Ахметов, сондай-ақ, бірқатар кәсіпорын басшылары, олардың ішінде «AstanaGroup» өкілі Н. Смағұлов, «КАМАЗ» ААҚ басқарма төрағасы С. Когогин,«China National Vehicles Import and Export Corporation» директоры Ву И,«Петербург трактор зауыты» АҚ директоры С. Серебряков, «Гомсельмаш» ААҚ басдиректоры А. Новиков сөз сөйледі.

ҚРҮкіметінің басшысы биыл шілдеде қабылданған Машина жасауды дамытудың 2019–2024жылдарға арналған жол картасында қолдаудың жүйелік шараларының кешеніқарастырылғанын атап өтті, олардың қатарында салықтық преференциялар, қаржылықжәне шикізаттық қолдау, білікті мамандармен қамтамасыз ету шаралары бар. Салаалдында 2020 жылға қарай жылына 100 мың автокөлік құралына дейін шығарудықамтамасыз ету міндеті тұр.

ҚРПремьер-Министрі жұмыс сапары барысында «Баян Сұлу» АҚ кондитерлік фабрикасынабарып, Қостанай ауданының «ОХ «Заречное» ЖШС алаңдарында ауыл шаруашылығыдақылдарының егіс жағдайын қарады.


Асқар МаминЗаречное ауылында «Северный» шағын ауданына барды, онда «Нұрлы жер»бағдарламасы аясында 279 жеке және 11 көп қабатты тұрғын үйлер салу көзделген.Бүгінде 172 үй бойынша жұмыстар аяқталған, осы жылдың соңына дейін 107 үйсалынады.

ҚРПремьер-Министрі Асқар Мамин күннің екінші жартысында Рудный қаласында бірқатаржүйе құрушы кәсіпорындарға барды, олар: «Соколов-Сарыбай тау-кен байытуөндірістік бірлестігі» АҚ Соколов карьері, Рудный цемент зауыты, «Лидер-2010»ЖШС сүт өңдеу және сүт өнімдерін шығару кәсіпорны.



Соңғы жаңалықтар