Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
***
«А.Ұ. Маминді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы» Жарлық
Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 9 қыркүйек
№ 320
***
Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы туған.
Целиноград инженер құрылысы институтын, Г.Б. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын инженер-құрылысшы, экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Целинтяжстрой» тресінде монтаждаушылықтан бастады. 1996-2008 жж. аралығында Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Көлік және коммуникация вице-министрі, Индустрия және сауда бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі, Астана қаласының әкімі қызметтерін атқарған.
2008 жылғы сәуірден бүгінгі күнге дейін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті болып келді.