Асқар Мамин ҚР Президенті кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі, ҚР хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин шайбалы хоккейден ҚР Президенті кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұған дейінхабарлағанымыздай, елордада шайбалыхоккейден ҚР Президенті кубогының 10-ыншы мерейтойлық турнирі аяқталды. Биыл оғанҚХЛ Шығыс конференциясынан: Қазаннан «Ак барс», Уфадан «Салават Юлаев»,Екатеринбургтен «Автомобилист», Нижнекамскіден «Нефтехимик» және Нұр-Сұлтанқаласынан «Барыс» клубтары қатысты.

Бас жүлдені Қазақстан астанасының командасы жеңіп алды. «Барыс» турнир аясында төрт матчөткізіп, оның барлығында қарсыласынан басым түсті. Андрей Скабелканың қарамағындағыойыншылар «Ак Барсты» - 6:1, «Нефтехимикті» - 5:3, «Автомобилисті» - 3:2, «СалаватЮлаевты» 2:1 есебімен жеңді.


Айта кетейік, ҚРПрезидентінің кубогы ойнатылып жатқан 10 жылда елордалық клуб бас жүлденібесінші рет иеленіп отыр. Турнир қорытындысы бойынша екінші орын «Автомобилистке»,үшінші орын «Ак Барсқа» бұйырды.

Сондай-ақ жекеноминациялар бойынша үздік ойыншылар да марапатталды. Атап айтсақ, ЭдуардПаскуале («Барыс») – үздік қақпашы, Даррен Диц («Барыс») – үздік қорғаушы, РодионАмиров («Салават Юлаев») – үздік шабуылшы, Дастин Бойд («Барыс») үздік бомбардиртанылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге марапаттарды ҚР Премьер-Министрі,ҚР хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин тапсырды.

Қазақстандық клубты турнирдегі жеңісімен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.