Асқар Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ертең, 9 тамызда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ЕАҮКотырысының күн тәртібінде ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіптік кооперация,технологиялар трансфері, ауыл шаруашылығы, кедендік әкімшілендіру, көлік жәнелогистика, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл салаларында Одақ аясындағыинтеграциялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері қаралады.

Еуразиялықэкономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінің басшыларын Қырғызстан РеспубликасыныңПрезиденті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар