Асқар Мамин Қырғызстанда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Фото: None
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңес (ЕАҮК) отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ЕАҮК отырысынаРесей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, Беларусь Премьер-Министрі С.Румас, Армения Премьер-Министрі Н. Пашинян, Қырғызстан Премьер-Министрі М.Абылгазиев және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисянқатысты.

Іс-шара басталмасбұрын делегациялардың басшылары Қырғызстан Президенті С. Жээнбековпенкездесті.

ЕАҮК отырысының қатысушылары интеграциялықүдерістерді одан әрі дамыту, сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, ЕАЭОішкі нарығындағы кедергілерді жою бойынша күн тәртібінің 15 мәселесін қарады.Тараптар ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаев бастамашы болғанЕуразиялық интеграция идеясының 25 жылдығы мен Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылғанына 5жыл толуын атап өтті.

Үкіметтердің басшылары алкоголь, қаржы нарығынреттеу, ЕАЭО аясында сырттанкелетін кедендікбажды бөлумәселелері бойынша пікір алмасты.

Трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың,өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың, Одақ елдерінің агроөнеркәсіптік кешенініңтұжырымдамалық мәселелері, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеденқызметтерінің ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

«Қазіргі уақытта ЕАЭО туралы шарттың ережелерінынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша іске асыру, 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық интеграцияныдамытудың стратегиялық бағыттарының жобаларын әзірлеу бойынша жұмыстар жалғасыпжатыр», — деді А. Мамин.

ҚР Премьер-Министрінің айтуынша, әлемдікэкономикадағы қазіргі жағдайды ескере отырып, ЕАЭО елдерінің экономикаларыныңөсіміне оң әсер беру үшін өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға ерекше көңіл бөлуқажет. Бұл бағыт ЕАЭО-ның ортақ күн тәртібінде басты экономикалық міндеттердіңбіріне айналуы тиіс.

Кәсіпкерлікті дамыту, халықты жұмыспен қамту жәнеэкономикалық өсудің тиімді құралдарының бірі «қарапайым заттар экономикасын»дамытудың бірлескен бағдарламасы болуы мүмкін.

«Бұл сектор жалпы өнімнің ЖІӨ-нің 1,5% дейін өсуінемүмкіндік бере алады», — дегенА.Мамин, Одақ елдері бойынша салалық кәсіпорындарды бөлудің цифрлық картасынәзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар, электронды сауда платформаларындамытудың қажеттігі аталып өтті. Аталған перспективалы әлемдік трендтіпайдалану өзара сауданың өсуіне ықпал етіп, үшінші елдердің нарықтарынатауарлар экспортын ынталандыруға жол ашады.

ҚР Премьер-Министрі ЕАЭО-ның халықаралық көлікжелісіне интеграциялану бойынша жоғары әлеуетін атап өтті. Одақ елдерініңаумағы арқылы транзит кезінде кедендік рәсімдерді жеңілдету шараларымен қатар,қазіргі уақытта әзірленіп жатқан ЕАЭО бірыңғай транзиттік жүйесі тиімді құралболуы керек.

ҚР Үкіметі басшысының айтуынша, қаржы нарықтары,қаржы қызметтерін тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтары мен қызығушылықтарынқорғау, сауда және инвестициялық өзара іс-қимыл салаларында ынтымақтастықтыдамыту қажет.

Осыған орай Астана халықаралық қаржы орталығыныңмүмкіндіктерін пайдалану ұсынылды. АХҚО аясында Қаржы технологияларының хабықұрылды, ол қаржылық технологиялар нарығында барлық өңірлік қатысушылардыбіріктіру үшін жоғары сапалы инфрақұрылымның құрылуын қамтамасыз етеді. Хабқаржылық технологиялар нарығына жаңа өнімдерді енгізуге және ынталандыруға мүмкіндікбереді.

Осы саладағы ынтымақтастықты жандандыру мақсатындаЕЭК пен АХҚО арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Еуразиялықэкономикалық комиссия мен Астана халықаралық қаржы орталығы арасындағы2019–2021 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Отырыстың қорытындысы бойынша 12 құжатқа қолқойылды.