Асқар Мамин Мемлекет басшысына Арыстағы қалпына келтіру жұмыстары жайлы баяндады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Арыс қаласындағы қайта қалпына келтіружұмыстарының барысы және Түркістандағы жаңа инфрақұрылым нысандарының құрылысыжөнінде баяндалды. Бұданбөлек, Президентке тартылатын шетел инвестицияларының ағымдағы көрсеткіштері,Еуразиялық экономикалық одақ аясында ықпалдастықты дамыту, 2020 жылы Көкшетауқаласында өтетін Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы форумынадайындық туралы мәлімет берілді.

ПрезидентҮкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалардың тиімді жүзеге асырылуын,сондай-ақ Арыс қаласындағы барлық қалпына келтіру жұмыстарының уақытылы жәнесапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.


СоңындаҚасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайынарттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар