Кездесуде көлік құрастыру, ауылшаруашылық және авиациялық техникаларды жасау, өңірлік сервистік орталықтарды дамыту салаларында бірлескен жобаларды, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешені жобаларын іске асыру тұрғысынан Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары арасында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту келешегі талқыланды.
Кездесу барысында өнеркәсіп кооперациясы саласында бірлескен іс-қимылдар бағдарламасын әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
Бағдарлама бірқатар бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды көздейді, оның ішінде «Кировец» маркасының тракторларын және оның құрауыш бөліктерін «Петербург трактор зауыты» АҚ-мен және «Агромашхолдинг KZ» АҚ-мен шығаруды ұйымдастыру, КамАЗ маркасының көлік құралдарына құрауыштарды, кернеуі 110 кВ дейін болатын майлы және құрғақ трансформаторларды шығару, толық циклді автозауыт салу бойынша «АВТОВАЗ» ЖАҚ-пен ынтымақтастықта «Азия Авто Қазақстан» АҚ жобасын іске асыруды қарастырады.
ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің айтуынша, «Бағдарламаны іске асыру екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды нығайтуға елеулі серпін береді.