Асқар Мамин «Росатоммен» ынтымақтастық мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорацияның бас директоры Алексей Лихачевпен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Кездесу барысында атом саласындағы ынтымақтастықтың көптеген мәселелері көтерілді. Қазақстан-Ресей кәсіпорындарындағы уран өндіру және байыту жобаларын дамытудың өзекті мәселелері қаралды.