Асқар Мамин Түрікменстанда І Каспий экономикалық форумына қатысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин І Каспий экономикалық форумына қатысу үшін жұмыс сапарымен Түрікменбашы қаласына барды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Форумның пленарлықотырысына Түрікменстан Президенті Г. Бердымухамедов, Ресей Үкіметінің төрағасы Д. Медведев, Әзербайжан Премьер-Министрі Н. Мамедов, Иранның бірінші вице-президентіЭ. Джахангири, сондай-ақ, Өзбекстан Премьер-Министрі А. Арипов пен БолгарияПремьер-Министрі Б. Борисов қатысты.

Форум жұмысы аясында Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Маминмен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымухамедовтың жұмыс кездесуі өтті,онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытумәселелері талқыланды. 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан менТүрікменстан арасындағы тауар айналымы $68 млн құрады, бұл өткен жылдың сәйкескезеңінің көрсеткіштерінен 2,2 есеге жоғары.

Тараптар шекара маңы аймақтары арасындағы ынтымақтастықтынығайтудың маңыздылығына тоқталып өтіп, машина жасау, химия өнеркәсібі,металлургия, ауыл шаруашылығы, туризм, көлік, газ салаларындағы екіжақты өзараіс-қимылды кеңейтудің үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.

ҚР Премьер-МинистріАсқар Мамин сөйлеген сөзіндеэкономикалық форумды өткізу 2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда өткен Саммит кезіндеқол жеткізілген, Каспий маңы мемлекеттерінің басшыларының уағдаластықтарын іскеасыру жолы екенін атап өтті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтыңтөрағалығымен өткен Ақтау саммиті барысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесітуралы тарихи конвенцияға қол қойылды.

Каспийде өзараіс-қимылдың тиімділігін арттыру Қазақстанның жағалау маңындағы өңірлерін, көлікжәне энергетика инфрақұрылымын дамытуға, экологиялық теңгерімді жәнебиоалуантүрлілікті сақтауға оң әсерін тигізеді, ал бұл ҚР Президенті Қ. К.Тоқаевтың Каспий маңы мемлекеттерінің ынтымақтастығын дамыту туралы нұсқауларынатолықтай сәйкес келеді.

Асқар Мамин Каспиймаңы мемлекеттерінің сауда-инвестициялық, көлік, энергетика, туризм жәнеэкология салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастығын жандандыруға қажет бірқатарбастаманы ұсынды.

ҚазақстанҮкіметінің басшысы аймақ елдеріне инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайларжасау қажеттігін атап өтті, соның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығымен Еркін сауда аймақтары туралы әрекет етіп тұрған келісімдердіңмүмкіндіктерін пайдалана отырып жағдай жасау қажет.

Асқар Мамин көлікжүйелерінің функционалды толықтырылуын жақсарту және мультимодальды тасымалдартиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, Каспийдетуризмді дамыту перспективалары да аталып өтті. Каспий теңізінің шипажайларыжыл сайын бірнеше миллион туристі қабылдай алады.

Қазақстан тарапыКаспий теңізінің экожүйесін сақтау жұмыстарын күшейту қажеттігіне баса көңілбөлді. Қазақстанда құрылған Халықаралық жасыл технологиялар мен инвестициялықжобалар орталығы таза технологияларды енгізудің табысты платформасына айналаалады.

Сонымен қатар,Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин Иран Ислам Республикасының біріншівице-президенті Эсхак Джахангиримен келіссөздер өткізді, онда екіжақтысауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Күннің екінші жартысында Асқар Мамин Түрікменбашы қаласыныңтеңіз портындағы Халықаралық Каспий инновациялық технологиялар көрмесіне барды.

Соңғы жаңалықтар