Асқар Мамин Ұлттық биотехнология орталығына барды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық биотехнология орталығына барды. Онда қазақстандық ғылымның дамуымен, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен қолданбалы жобаларды әзірлеумен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Үкіметініңбасшысы орталықтың медицина, ауыл шаруашылығы, экологиялық биотехнология,азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы перспективалық әзірлемелері,сондай-ақ оларды еліміздің экономикасына одан әрі енгізу мүмкіндіктеріұсынылған зертханалық блокты тексерді.

Елордалық биотехнология орталығында түрлі бағыттағы14 зертхана орналасқан, онда генетикалық инженерия, иммунология, бағаналықжасушалар, адам ұлпаларын қалпына келтіру, экологиялық биотехнология,фармакология саласында зерттеулер жүргізіледі.

Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры Е.Раманқұлов орталық мамандары бірқатар маңызды ғылыми-зерттеу жобаларынәзірлегенін айтты.

Нысанды аралау барысында бағаналық жасушазертханасының меңгерушісі В. Огай, ұжымдық пайдалану зертханасының меңгерушісіЕ. Жолдыбаева, өсімдіктердің генетикалық инженериясы зертханасының меңгерушісіШ. Манабаева, адам генетикасы зертханасының меңгерушісі М. Жабағин адамгеномикасы, генетикасы және оның патогендері, үй жануарларының генетикасы,сондай-ақ, ғылымның жаңа саласы — геномдық редакциялау саласындажүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен таныстырды. Олардың арасында — дененіңкүйген жерлерін емдейтін жасушалық препараттар, бидай мен картоптың жаңасұрыптары, ауруларға қарсы вакциналар, дәрі-дәрмектер, дәрілік жәнеемдеу-профилактикалық препараттар бар.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин орталықты қарауқорытындысы бойынша қолданбалы жобаларды әзірлеуді жалғастыруды және ғылыминәтижелерді коммерцияландыру шараларын күшейтуді тапсырды. Білікті мамандардыдаярлауға ерекше назар аудару қажет.

Соңғы жаңалықтар