Қазақстанның Қытаймен шекарасында А. Мамин «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» ауқымды жобасының бір бөлігі - «Нұр жолы» өткізу пунктінің жұмысымен танысады. Сонымен қатар, көлік-логистикалық кешеннің дамуымен және сауда ынтымақтастығын іске асырумен танысу мақсатында «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағына және «Қорғас» Халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына барады.
Талдықорған қаласында Премьер-Министр бірқатар әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына барады, олардың мысалында азаматтардың тұрмыс сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысады.