НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде экс премьер-министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық коммуникацилар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ұлан Сарқұловқа «Бұрынғы Премьер-Министр Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс бар ма?» деген сұрақ қойылды.
«Бастапқыда барлық атышулы істерді айтып өткен едік. Б ірден айтайын, Асқар Маминге қатысты қазіргі уақытта біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», - деп жауап берді Ұ. Сарқұлов.
Айта кетейік, елдегі қаңтар оқиғасынан кейін Асқар Мамин Үкімет басшысы лауазымынан босатылған еді. Оның орнына Әлихан Смайылов тағайындалды.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.