Асқар Мусинов сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды
17:04, 04 Шілде 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Асқар Ахметұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.