Асқар Мырзахметов Арыс қаласына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат – Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келіп, өңір штабының жұмысымен танысты. Аймақ басшысы облысқа тиесілі 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру шараларының барысын көзбен көріп, 11 көшенің белсенді тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі аталмыш бөліністегі арыстықтардың пікірі мен ой-ұсыныстарына құлақ түріп, штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін тапсырды.Өз кезегінде 3-сектор аумағындағы тұрғындарәулиеаталық құрылысшылардыңжұмысына көңілі толатынынжеткізіп, алғыс айтты.

Айта кетейік, бүгінде еліміздің барлық өңірі жұдырықтай жұмыла кіріскен Арыс қаласын қалпына келтіру жұмысы қызу жүріп жатыр. Оның ішінде жамбылдық құрылысшылардың да белсенді еңбегін елеп айтуға болады. Облысқатиесілі 3-сектордағы 50 тұрғынүйдің жөндеужұмыстары толықаяқталды. Пайдалануғаберілген бұл үйлерге қайтақоныстанған халық жамбылдықтарғадән риза.


Жамбыл облысына қарасты бұл бөлініс қаладағы жарылыс орын алған аумаққа ең таяу орналасқандықтан, апат кезінде ондағы үйлер мен нысандардың 90 пайыздан астамы бүлінген.

Қазіргі таңда3-сектор аумағындағы қалпынакелтіру шараларына жамбылдық 4 құрылыскомпаниясынан 450-ден аса құрылысшы мен 21теxника жұмылдырылған. Олар 242 жеке тұрғынүй бойынша жөндеу жұмыстарынжүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғынүймен бірге 14 әлеуметтікжәне коммерциялық нысан бары анықталған.Зерделеуден өткен жеке тұрғынүйдің барлығыныңақау актілері толтырылып, смета жұмыстарыжасалды.

Қираған 3 үйдіңекеуі қайтадан салынып, біреуі толықжаңғыртылады. Қалған309 үйге әртүрліжөндеу жұмыстарын жүргізужоспарланған. Қажетті құрылысматериалдары күн сайын жеткізілуде. Тиісті шығындарреспубликалық бюджет пен арнайы қорғажинақталған қаржыданқарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар