«Сапар барысында мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, ветеринария мәселелері талқыланады», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, вице-министр бірнеше ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына барады, олардың ішінде Оралдағы «ПОШ Руно» ЖШС және «Батыс Сүт» ауыл шаруашылығы кооперативі бар.
Ақтауда Асқар Мырзахметов Ақшұқыр ауылындағы бекіре фермасын, «Ақбидай» астық терминалын, Ақтау теңіз солтүстік терминалын көреді.