Асқар Мырзахметов «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысын сынға алды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Таразда Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен жиын өтіп, онда «Шахристан» тарихи-мәдени кешенінің құрылыс барысы қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ондағы құрылыс жұмыстарына жауапты штабтың есебітыңдалып, атқарылған шаралар жан-жақты сараланды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, «Шахристан» тарихи-мәдени кешені қоңыркүзде тойлануы жоспарланған облыстың 80 жылдық мерейтойына дейін толығыменаяқталып, пайдалануға беріліп үлгерілуі тиіс. Ондағы құрылыс жұмыстарыныңбүгінгі таңдағы қарқыны көңіл көңшітпейтіні жиында ашық айтылды. Осығанаса назар аударған аймақ басшысы құрылыс жұмыстарын жандандыра түсу керектігінбаса айтты. Ол үшін екі ауысымдық режимге негізделген жаңа жұмыс кестесібекітілді. Сол бойынша мердігерлердің жұмысы ширатылып, қарқыныкүшейтілмек. Алайда, өңір басшысы уақыттан ұтамыз деп, құрылыс сапасын назардантыс қалдырмау керектігін қатаң ескертті.

Ол ғана емес, ендігі кезекте жұмыс режимінің өзгеруіне байланысты,құрылысқа қажетті материалдарды уақытылы жеткізіп отыру жайы да сөз болды. Бұлорайда материалдарды өндірушілермен алдын ала келісімге келе отырып,қажетті бұйымдарды күні бұрын дайындатқызып қоюдың маңыздылығы айтылды.

Облыс басшысы бұл жұмыстарды күнделікті өз бақылауында ұстайтынын жеткізіп,тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ осы күні түс қайта Тараз қаласындағы бағдаршамдар, жол белгілері,жарықтандыру, жол қозғалысы мәселелері бойынша жиын өтті. Онда күн тәртібіндегі мәселе бойынша қала әкіміҚайрат Досаев баяндама жасады.

Бүгінде облыс орталығында барлығы 1330 даңғыл, көше, бұрылыс болса, оның 39пайызы асфальтбетонды жолдар. Қалғаны шағал, топырақты көшелер. Айта кетукерек, өткен жылы бұл бағытта 500 миллион теңге бөлінсе, ағымдағы жылы 2,1миллиард теңге қарастырылған. Оның 1 миллиард теңгесі қалалық бюджетке, 1,1миллиард теңгесі облыстық қазынаға тиесілі.

Асқар Исабекұлы қала ішіндегі жолдардың сапасы шын мәнінде сынкөтермейтінін ашық айтты. Тұрғындар тарапынан да көтеріліп отырған бастымәселелердің бірі осы екенін жеткізіп, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп,тиісті көрсеткішті жақсарту керектігін тапсырды.

Сонымен қатар қаладағы орынсыз орналасқан бағдаршамдар мен жол белгілерініңолқылықтарын жіпке тізгендей атап көрсеткен өңір басшысы бұл мәселердің бұғандейін сан рет көтеріліп, нақты тапсырмалар берілгенімен, еш нәтиже шықпағанынақынжылыс танытты. Бұл мәселелер бойынша жауапты басшыларға соңғы мәрте ескертужасап, он күн уақыт беріп, тапсырмалар хаттамаға енгізілді. Ол ғана емес,басқосуда Тараз қаласының оңтүстік айналма жол және қаладағы жол жөндеужұмыстарының барысы да кеңінен сараланды.

Аймақ басшысы алда облыстың сексен жылдық мерейтойы келе жатқанын тілгетиек етіп, барлық жұмыстар оған дейін тиянақты түрде тындырылу қажеттілігіненазар аудартты.

Соңғы жаңалықтар