«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 30 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 11 жатақхана салынуда», - дейді А.Мырзахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы «Ауыл - алтын бесік» жобасы аясында облыстың 3 аудан орталығында 3 млрд теңгеге есептелген 108 жоба асырылуда. Оның ішінде 104 жобасы жөндеу жұмыстарын қамтиды, ал 4-і әлеуметтік нысан салынады. Құрылыс 2020 жылы аяқталады.