«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша ҚР Үкіметінің қызметіне жұртшылықтың жоғары қызығушылығы байқалады. Алайда жекелеген өзекті тақырыптар бойынша тіркелетін азаматтардың кері байланысы көбінесе теріс сипатқа ие болады», - деді министр.
Осы ретте министр жұртшылық пен БАҚ өкілдері тарапынан сынның болу себептерін атады.
«Біріншіден, мемлекеттік органдардың жұмысын БАҚ-та кеңінен түсіндіруге арналған тақырыптар бойынша ақпараттың аз берілуі. Екінші, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ БАҚ-тың ресми сауалдары мен сұраныстарына берілетін жауаптарда толық ақпараттың болмауы. Үшіншіден, БАҚ-та туындаған мәселелерді түсіндіру бойынша біліктілігі төмен спикерлерді ұсыну. Ақпараттық-түсіндіру жұмысының маңыздылығын ескере отырып, аталған факторларды мемлекеттік органдардың жұмысында ескеру қажет», - деді Асқар Омаров.