Cондай-ақ актриса әрі продюсер фильмге жазылған саундтректің клипін көпшілікке жариялады. «Махаббат» деп аталатын әнді КешYOU тобы орындайды.
Айта кетейік, фильмнің сюжеті Айгүл есімді толық қыздың өміріне құралған. Сатқындықтың құрбаны болған ол үйінен кетіп қалады. Қайсар жан табандылығының арқасында ел сүйсінер сұлу қызға айналады.
Басты рөлді Б.Есентаеваның өзі сомдаған. Ол толық денелі қызды сомдау үшін, арнайы грим жасатқан. Сонымен қатар, бұл фильмге Азамат Сатыбалды, Айгүл Иманбаева, Әбунасыр Серіков, Азат Сейтметов сынды актерлер түскен.