«Дамып жатқан адамзат әлеуетін есепке ала отырып өзіміздің инновациялық экожүйемізді құруға күш салып жатырмыз. Осы бағытта үлкен жұмыстар жасалып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана ІТ-хаб жасалуда. Оған жас ІТ-мамандарды тарту үшін қажетті жағдайларды жасау үстіндеміз. Бұл - тегін кеңсе және тұратын жер, дамыған техникалық инфрақұрылым. ІТ-хаб кешені аясында бағдаламалау мектебін ашамыз. Ол жерде біздің болашақтағы инновациялық стартаптарды жүзеге асыратын балалар дайындалатын болады», - дейді Асқар Жұмағалиев.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың ақпан айында қызықты идеялары мен ІТ-жобалары бар жастарға арналған жаңа бағдарламалар іске қосылған.