Асқар Жұмағалиев интернетке қолжетімдіктің нашарлауына түсінік берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификатын орнатпаған адамдарда интернетке қолжетімдіктің нашарлағаны туралы сұрақтарға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Байланыссапасына тоқталсақ, қауіпсіздік сертификатына байланысты жабдықтарды реткекелтіру бойынша жұмыстар басталысымен, желіге қолжетімдік бойынша қандай да бірпроблемалар болуы мүмкін деген тиісті ақпарат жарияланды. Алайда бұл мәселеуақытша сипатқа ие. Қазіргі кезде бұл сертификатты орнаттым және мендебайланыспен проблема жоқ», - деді А. Жұмағалиев Орталық коммуникацияларқызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайдаминистр қандай да бір сауалдар туындаса, онда Мемлекеттік техникалық қызметкехабарласу керектігін түсіндірді.

«Тиістісауалдар болса, аталған қызметке хабарласу керек, сәйкесінше барлық мәселелершешімін табады деген ойдамын. Тиісті проблемалар болса, Мемлекеттік техникалыққызмет қажетті көмектерін жасайды, сондай-ақ байланыс операторлары да өздерініңкөмектерін іске асырады», - деді Асқар Жұмағалиев.

Бұдан бұрынхабарланғандай, министр тілшілер қауымына аталған сертификатты смартфонынаорнатқанын көрсетті.


Соңғы жаңалықтар