Асқар Жұмағалиев Павлодардағы ХҚО жұмысымен танысты

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында сапармен болған ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өндірісі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инвесторлар үйіндегі «Заманауи ақпараттық технологиялар мен бизнес» атты IT-форумғақатысқан министр қаладағы №3 ХҚО бөлімінде де болды. Халыққа қызмет көрсету орталығыныңжұмысымен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарматөрайымы Әсемгүл Балташева таныстырды. Фронт-офис күніне павлодарлықтарға1200-ге жуық қызмет көрсетеді, оның жартысынан көбін тұрғындар электрондықформатта алады.
Министр бұдан бөлек, жаңадан ашылған көші-қон қызметі орталығында да болды.Шетелдік еңбек мигранттарына «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететінорталық 1 шілдеден бастап жұмыс істеп келеді.
Айта кетейік, Павлодарлық филиалда мемлекеттік қызметтер бойынша 723 мыңнанастам қызмет көрсетілген, оның 500 мыңын Ертіс өңірінің тұрғындары өз бетінше«Connection point» секторы арқылы алған. Сондай-ақ павлодарлықтар 150мыңнан астам ЭЦҚ рәсімдеген, ал мобильді азаматтар базасында тіркелгендер саны350 мыңнан асты.

Соңғы жаңалықтар