Асқар Жұмағалиев смартфонына қауіпсіздік сертификатын орнатқанын көрсетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификатының мүмкіндіктерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөзмәслихаты барысында министр тілшілер қауымына аталған сертификатты смартфонынаорнатқанын көрсетті.

«Мағантиісті SMS келгеннен кейін, ешбір қиындықсыз сертификатты орнаттым. Бүгіндеинтернетте құқыққа қайшы контент көптеп кездеседі, сондай-ақ киберлік қатерлерде бар. Осы орайда тиісті қорғанысты қамтамасыз ету үшін аталған қауіпсіздіксертификаты іске қосылады» - деді А. Жұмағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайдаол құқыққа қайшы контентке суицидті насихаттау, экстремистік әрі лаңкестіксипаттағы ақпараттар және басқа да теріс мәндегі деректер жататынын түсіндірді.

«Бүгіндеинтернетте жұмыс істеуге кедергі келтіретін вирустар бар. Бұл тұрғыдақауіпсіздік сертификаты осы тектес кибер тосқауылдар мен қатерлерден қорғануғакөмектеседі», - деді ведомство басшысы.

Оның сөзінеқарағанда, мемлекеттік қызметшілер осы сертификатты бір жарым жылдан беріпайдаланып келеді.

«Тек соңғыайда аталған сертификат 8 миллионнан астам вирустық белсенділіктің фактілерінанықтауға, меморгандар мен мемлекеттік қызметшілер жұмысына қарсы бағытталған130 мың кибер шабуылдан қорғауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік қызметшілерретінде қауіпсіздік сертификаты аясында тиісті жұмыстарды жалғастырамыз. Елтұрғындары өз еркімен аталған сертификатты орнатады», - деді министр.

Бұдан бұрынхабарланғандай, операторлар аталмыш сілтеме елдегі барлық абоненттерге таратылыпжатқанын айтады.

Яғни, әзіргеондай SMS алмаған адамдардың алаңдауына себеп жоқ. Сілтеме келген сәтті күтіп,орнатуға дайын болуы керек. Мамандардың айтуынша, абоненттің хакерлік шабуылғаұшырауы үшін күмәнді сілтемеге өтуі міндетті емес. Яғни қауіпсіздік жүйесініңсертификаты болмаған жағдайда интернет арқылы пайдаланатын көптеген қызметтергекіретін құпия сөздер мен кодтарды ұрлау оңай. Қауіпсіздік жүйесінің сертификатынорнату осы үшін қажет.

Соңғы жаңалықтар