Асқарбек Ертаев —Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі

Фото: primeminister.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

1977 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе менеджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.

2000–2014 жылдары банк саласында жұмыс істеді.

2014 жылы — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының міндетін атқарушы.

2014–2021 жылдары — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.

2021–2022 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

2022–2023 жылдары — ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппараты экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023–2024 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы.

2024–2025 жылдары — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Айта кетейік, Виктория Шегай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.