Асқарбек Нәбиев «БТА Банк» АҚ басқармасының төрағасы болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Асқарбек Нәбиев "БТА Банк" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады қаржы ұйымының ресми сайты.

"БТА Банк" АҚ Директорлар кеңесі 2015 жылғы 30 наурыздан бастап Мағжан Әуезовтің банк басқармасының төрағасы өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, 2015 жылғы 8 сәуірден бастап 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін басқарма төрағасының лауазымына Асқарбек Нәбиевті сайлау шешімін шығарды. Бұдан басқа, банкте «өз өтініші бойынша 2015 жылғы 1 мамырдан бастап басқарма мүшесі - басқарушы директор Қайыржан Мимикеновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату» шешімі қабылданғаны атап өтілді.

Атап өтсек, Асқарбек Нәбиев - Қазақ мемлекеттік басқару академиясының түлегі, экономист. 1997 жылы Қазкоммерцбанкте экономикалық талдау басқармасына, кейіннен қайта құрылған департаментке басшы болды. 2002 жылдан бастап қаржылық бақылау департаментінің директоры қызметін атқарған.