Асқазан мен ішектің қатерлі ісікке шалдыққанының бірден бір белгісі ас қорыту жүйесі бұзылып, іш түйіліп, дәретке қан араласып шығады. Статистика бойынша, осы аурудың ең асқынып тұрғаны 20-34 жас аралығындағы адамдарда (1,99 пайыз) байқалған. 2020 жылдарға қарай бұл көрсеткіш 37,8 пайызға дейін артауы әбден мүмкін. Ал, 2030 жылдарға қарай, 90 пайызға жетуі де ықтимал. Meddaily порталының хабарлауынша, соңғы уақытта қатерлі ісіктің алдын алу бағдарламалары аясында скринингтен өтудің арқасында ер адамдар арасында қатерлі ісіктің таралуы 3 пайызға, ал әйелдерде 2,4 пайызға азайған.
04:48, 11 Қараша 2014
Асқазан жарасының қатерлі ісікке айналмауы үшін дұрыс тамақтану қажет - Ғылыми зерттеу
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша, алдағы 20 жылда 20-49 жас аралығындағы адамдардың асқазан жарасының қатерлі ісікке шалдығуы жиілейтін болады. Ғалымдардың айтуынша, шоколад, печенье, торт, газдалған сусындар мен жүз қайыра өңдеуден өткен ет өнімдері, шұжықтар қатерлі ісік ауруының тууына себеп болуы мүмкін, деп жазады медициналық Meddaily порталы.