— Атап айтқанда, Threads әлеуметтік желісінің пайдаланушылары «Қырғызфильм» киностудиясының «Баткен» көркем фильмінен алынған үзінділерді шынайы кадрлар ретінде жаппай жариялаған. Бұл ретте бейнематериалдарға эмоционалды сипаттағы пікірлер мен деструктивті үндеулер қосылып, олардың таралуы пайдаланушыларды жаңылыстырып, әлеуметтік шиеленістің артуына ықпал етуі мүмкін, — дейді орталық мамандары.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы пайдаланушыларды осындай ақпараттық манипуляциялардың таралу құралына айналмауға шақырады.
— Жалған және көрінеу жалған ақпаратты тарату заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін еске саламыз. Тексерілмеген ақпаратты таратпаңыз. Фактілерді тексеріп, қоғамдық пікірді манипуляциялауға жол бермеңіз, — деп ескертті олар.
Осыған дейін Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. туралы таралып жатқан ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.