- Әскерге шақыртылған азаматтардың несиесі автоматты түрде тоқтатылады. Мысалы, әскери қызметші жергілікті әскери басқару органы басшысының бұйрығы шыққаннан кейін Бірінші несиелік бюроға ақпарат түседі. Сол сәттен бастап несие төлемін есептеу тоқтатылады. Ата-аналар жағынан ешқандай әрекет талап етілмейді. Бәрі автоматты түрде тоқтатылады. Яғни, ата-ананың дәл осы мәселе үшін әскери комиссариатқа баруының қажеті жоқ. Бірінші несиелік бюроға ақпарат түскеннен кейін екінші деңгейлі банктерге мәлімет бірден жолданады, - деді аға офицер.
Сондай-ақ, кезекті әскерге шақыру маусымы биыл күзде басталатынын еске салды.
- 13 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығы шықты. Аталған құжат бойынша мерзімді әскери қызметін атқарған азаматтар наурыз-маусым аралығында әскер қатарынан босатылып, қыркүйек-желтоқсан аралығында жаңа лек шақыртылады, - деді Дәуренбек Шегебаев.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуықта ғана әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа қол қойған еді.