Әскерден оралған кәріс Зомби АҚШ «арыстанын» алғашқы раундта сұлатты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Техаста өткен UFC Fight Night 104 ережесіз жекпе-жегінде Зомби лақап атына ие Чан Сун Юн Деннис Бермудесті алғашқы раунда-ақ нокаутқа жіберді.

29 жастағы Чан Сун Юн "Боец вечера" атағына ие болды. Бір қызығы, әскерге аттанған корейлік  2013 жылдан бері  жекпе-жекке шықпай, кәсіби мансабында ұзақ үзіліс жасады.

Чан Сун Юн UFC-де ирландиялық Конор Макгрегормен бір дивизионда шығады. Енді Зомбидің қанжығасында 4 жеңіс және бір жеңіліс бар. Ол бразилиялық Жозе Алдодан сүрінген еді.

Айта кетер жайт, Чан Сун Юн  соққыға өте шыдамды, тіпті нокаутқа түскелі тұрса да, айқасты жалғастыра береді. Сондықтан да ол «Зомби» лақап атын алған.