«Ол үшін арнайы әскери-техникалық училищелер құрылып жатыр. Сол жерде сан алуан себептерге байланысты әскер қатарында болмаған азаматтар арнайы дайындықтан өтіп, әскери резервке қабылданады», - дейді Қ.Мұғалов. Оның сөзіне қарағанда, күзге қарай оқуға қабылдау науқаны басталады. «Осыдан кейін 22-27 жас аралығындағы ер азаматтар мемлекеттік тапсырыс және жеке қаржысына оқып, әскери билет ала алады. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты - мобильді резервті ұлғайту», - дейді министрліктің баспасөз хатшысы.
20:34, 12 Сәуір 2012
Әскерге бармағандар арнайы дайындықтан өтіп, әскери билет ала алады - ҚР Қорғаныс министрлігі
АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Әскер қатарында болмаған азаматтар арнайы дайындықтан өтіп, әскери билет ала алады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Қайсар Мұғалов мәлім етті.