- Әскерге шақырылатын адамдарды ескертусіз алып кетпейміз. Заң бойынша электронды тәртіпте шақырту ескерілген. Хабарлама үш рет жіберілсе де, олар шақырту бойынша келмесе, бұл адамдарды құқық қорғау органдары жіберу пунктіне жеткізеді, - деді А. Мұстабеков Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, мерзімді әскери қызметтегі азаматтар енді кредит ала алмайды.
Бұған дейін телефонға жолданған SMS әскерге шақыру туралы ресми хабарлама ретінде танылатынын жазған едік.