Әскерге шақыру басталды

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - «Әскери міндет және әскери қызмет» туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, бүгін, сәуірдің 1-інен бастап елімізде 18 жас пен 27 жастың аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын әскер қатарына шақыру науқаны басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Республика бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде, басқармалар мен бөлімдерде 218 әскер қатарына шақыру комиссиясы жұмыс істейді. Әскерге іріктеу кезінде әскери мамандық профиліне сәйкес жоғары және орта-арнаулы білімдері бар азаматтарға, сондай-ақ климаттық жағдайлар мен әскери қызмет ауыртпалықтарына тез бейімделе алатын әскери жастағы ересек азаматтарға басымдық берілмек. Заңға сәйкес, әскери қызметтің мерзімі 12 айды құрайды.