Әскерге шақыруға дайындық басталды

None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне есепке тіркеуді ұйымдастыру мен өткізу бойынша нұсқаулық-әдістемелік оқулары өткізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Баспасөз қызметінен хабарланды.

Шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» Қаулысына сәйкес атқарылды. Онда Қорғаныс істері жөніндегі басқарма мен бөлімдер бастықтары тартылып, Алматы облысының келісімшарт қызметіндегі әскери қызметшілерді қабылдау бөлімшелерінің бастықтары тыңдалды.

Жұмыс барысында Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілдері маңызды мәселелерді қарастырып, жиналған тәжірибелермен алмасты.

Оқулар соңында тіркеу науқанының нақты талаптары қарастырылды, себебі азаматтарды тіркеу науқаны - бейнеті көп күрделі жұмыс деп саналады.