Іс-шара барысында «Көктем-2016» әскерге шақыру науқаны қорытындыланып, алдағы күзгі шақырылымға тапсырмалар белгіленді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Елбасы - ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұдайы жіті назарының арқасында бізде қазіргі уақытта заманауи қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз етілген өзіндік, жауынгерлік қабілетті, ұтқыр Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бар. Бұл ретте қару-жарақ және техникамен жоғары деңгейде жабдықталуына қарамастан, негізгі жауынгерлік компонент адамның әлеуеті, яғни жеке құрам болып қала береді. Шақырылу контингентінің сапасы артып келеді. Біз қазіргі кезде анағұрлым жақсы, анағұрлым сауатты сарбаздарды қабылдап жатырмыз. Аумақтық қорғаныс жүйесін жетілдіру мақсатында Елбасының Жарлығымен ҚР әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы жүйесіне аумақтық қорғаныс жүйесін кіріктіру тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама шеңберінде аумақтық қорғаныс басқармасы құрылды. Оның негізгі міндеттері жалпы жетекшілік етуді жүзеге асыру болып табылады», - деді Мұрат Майкеев.
Көктемгі шақырылым қорытындысы бойынша Алматы, Қарағанды, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау және Маңғыстау облыстарының қорғаныс істері жөніндегі департаменттері жақсы жағынан белгіленді.
Сонымен бірге, шақырылу контингентін алдын ала зерделеу, сондай-ақ мектептерде ұйымдастырылатын алғашқы әскери дайындық мәселелері қозғалды.