«Ауқымды шараның мақсаты - пилотаждау шеберлігінде ұшу дағдысын тағы бір мәрте пысықтау және меңгеру болып табылады. Ұшу құрамымен алдын ала аталған жағдайларда ұшу даярлығының түрлері бойынша сабақтар өткізілді. Сонымен қатар басшылық ұшу құрамының білімі тексеріліп, әзірлігі бақыланды. Командирлік ұшулар басшылық ұшу құрамының тағы бір рет өзінің ұшу шеберлігін, машығын игеріп, жетілдіру үшін маңызды қадамның бірі болып табылады», - деді Әскери-көлік авиациясының авиациялық жасақ командирі подполковник Саламат Сатыбалдин.
Әскери-әуе күштері үшін бұл жай дәстүр ғана емес, осы кезде авиациялық бөлімдердің командирлері жаңа оқу жылындағы ұшулардың басталуының іргетасын қалайды. Алғашқы командирлік ұшулар көрнекілік мақсатта болып келеді.
Ұшуларға авиациялық базалардың басшылық құрамы ӘӘК қолбасшысы басқармасының инспектор ұшқыштары қатысты.
«Осы күні әскери әуейлақтарда жинақтаған тәжірибесін жас мамандарға көрсете және бөлісе отырып, тек қана жоғары білікті мамандар жұмыс жасайды», - деп атап өтті Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов.