«Қарағанды қаласы Октябрь ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі мобильді жоспарлау қызметінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деді Қайсар Баржақсынов.
Оның атап өтуінше, Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әскери билетті тездетіп беру және әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін пара алу үстінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қарағанды қаласы Октябрь аудандық қызметінің басшысын ұстаған.
«Тергеу мүддесіне және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деді ол.