Әскери бөлімдер күшейтілген режімге көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында лаңкестік қауіп-қатердің қызыл деңгейінің енгізілуіне байланысты ҚР ҚК-нің әскери бөлімдері мен мекемелері күшейтілген қызмет атқару режіміне ауыстырылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қосымша қару мен оқ-дәрілерді сақтау объектілерінің күзетілуі күшейтілді. Сонымен бірге, Қапшағай қаласындағы әскери бөлімдерге шабуыл жасалу туралы әлеуметтік желілерде, WhatsApp-мессенджерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз», делінген хабарламада.