Бұл қаулы әскери борышын өтеп жүрген адамдардың несие бойынша негізгі қарызы мен сыйақы үстемелерін мерзімді әскери қызмет кезеңінде, сондай-ақ одан кейінгі екі ай көлемінде тоқтата тұруды көздейді.
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі және оны аяқтағаннан соң 60 күн қоса алынатын кезеңде банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарызы және (немесе) микрокредиті бойынша сыйақы есептелмей, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемі кейінге қалдырылады», - деп жазылған қаулы жобасында.
Айта кету керек, қаулыдағы бұл жаңашылдықтар елдегі банк қызметін, микроқаржы саласын, коллекторлық қызметті, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау жүйесін реттеуге арналған заңнамадағы өзгерістерден туындап отыр.