«Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігі 50-ге жуық университетпен келісім жасасты. Оқу орындары мерзімді әскери қызметін атқарғандарды қолдауға және оларды университет есебінен оқуға мүмкіндік беруге ниет білдірді. Тізім өзгеруі мүмкін. Тағы да бұл ұсынысқа қосылуға ниетті университеттер болуы мүмкін», - деп мәлімдеді Қуаныш Ерғалиев.
Еске салайық, бұл уақытқа дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әскери борышын өтегендерге білім гранты немесе жеңілдіктер қалай берілетінін түсіндірген еді.