ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2012 жылғы 7 тамыз №1029 Астана, Үкімет Үйі
«Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 8, 100-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ереже осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қағидалар мәтіні республикалық БАҚ-да жарияланған.