Әскери дайындық кабинеттерінің көбі ескірген

Фото: Қорғаныс министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда әскери дайындық пәні бойынша оқу кабинеттерінің бірқатары жаңартуды қажет етеді. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова Мәжілісте мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, бірқатар мектепте пән кабинеттерінің материалдық-техникалық базасы ескірген.

– Әскери дайындық кабинеттерін жаңарту үшін жергілікті атқарушы органдар тарапынан қаржыландыру қажет. Бұл жұмыстар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, – деді ол.

Оның сөзінше, осыған байланысты жабдықтау нормаларын қайта қарау мәселесі де пысықталып жатыр.

– Қажет болған жағдайда қолданыстағы нормативтерге өзгерістер енгізу қарастырылады, – деді вице-министр.

Сонымен қатар бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

– Қазіргі таңда әскери дайындық кабинеттерінің 75%-ы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, – деді Шынар Ақпарова.

Айта кетейік, бұған дейін әскери дайындық пәнін оқыту жүйесін жетілдіру мәселесін хабарлаған еді.