Жылу беру маусымы ауа температурасы ерекшеліктеріне сәйкес еліміздің барлық өңірлерінде қазан айында басталады. Қатты және сұйық отын қоры, электр энергиясының қосымша көздері тексерілді.
Әскери қалашықтардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы үнемі бақылауда. Қазіргі таңда Қарулы күштердің коммуналдық нысандары, инженерлік желілері мен казармалық-тұрғын үй қоры жылу беру маусымына дайын.