Қаралы хабарды Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қоры растады.
«Иә, ол кісі бүгін коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Ауруханада бес күн жатты», - деп хабарлады қордағылар.
Ким Серікбайұлы 1934 жылы 14 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көптоғай ауылында дүниеге келген. 1952-1956 жылдары қазіргі ҚазМУ-де, Уфа әскери училищесінде оқыды. 1970 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітірген.
Ғұмырының соңғы жылдарында ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.
1956-1966 жылдары Қиыр, Шығыс, Прикарпатье, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, мотоатқыштар полкында штаб бастығы, полк командирі болып қызмет атқарған.
1970-1973 жылдары Мәскеудегі әскери академияда Кубадан, Моңғолиядан келген офицерлерге жалпы тактикадан сабақ берген.
1973-75 жылдары Алматы жоғары әскери командалық училищесінде кафедра бастығы, 1975-1988 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде кафедра бастығы.
1988-91 жылдары Б.Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың бастығы.
1992-1993 жылдары Мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі.
ҚР Президенті аппараты мен Минстрлігі Кабинеті жанынан құрылған Қорғаныс бөлімінің жетекшісі.
1994-1996 жылдары Минстрлігі Кабинетіжанындағы мемлекеттік аттестация комитетінде арнаулы мәселелер жөніндегі бас сарапшы.
1996-1999 жылдары ҚР Парламентінің Мәжіліс аппаратында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметін атқарған.
Әскери қайраткер 180-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.
3-дәрежелі «КСРО Қарулы күштерінде Отанға қызмет еткені үшін» орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.