Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім болды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталу үстінде. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді.
«Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Әскери колледждің жеке құрамы кадеттің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады», — делінген хабарламада.