Әскери құрылыс АҚ-нан қаржы жымқыру әрекеті бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жалғыз акционер ретінде еншілес ұйымы «Әскери құрылыс Астана» ЖШС болып табылатын «Әскери құрылыс» АҚ-ның басшылығын ауыстырған.
Қорғаныс ведомствосының басшылығы компаниялар өкілдерімен бірнеше рет кездесулер өткізді. Олардың барысында кредиторлық берешекті өтеуге қатысты проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары, сондай-ақ Қоғамды оңалту рәсімдері бойынша келіссөздер талқыланды.
« Қорғаныс министрлігі «Әскери құрылыс Астана» ЖШС алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындады. Атқарылған қызметтер үшін барлық ақшалай қаражат уақтылы аударылды. Сонымен қатар министрлік дербес шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара қарым-қатынасы үшін заң тұрғысында жауап бермейді. Алайда, осы мәселенің әлеуметтік сипатын ескере отырып, Қорғаныс министрлігі өз бастамасы бойынша басынан бастап жағдайды өзінің заңды құзыреті шеңберінде реттеуге белсенді түрде қатысады»,-делінген хабарламада.