Әскери қызметке шақырылушыдан 800 мың теңге пара алған инспектор сотталды

Фото: None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлім инспекторы Б.Қасымбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріхабарлағандай, Қасымбаев қызметтік лауазымын пайдаланып «әскери билет алыпберемін» деген сылтаумен жедел әскери қызмет шақырылушысынан 800 мыңтеңге пара алған. 6тамызда Семей гарнизонының әскери сотының үкімімен Қасымбаев 7,6 миллионтеңгелік айыппұл төлеуге сотталды. Айыппұл сот үкімі заңды күшіне енгенненкейін үш ай ішінде төленуі тиіс және осы уақыт ішінде айыппұл өтелмегенжағдайда сотталғанға қатысты бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.Сотталған «аға сержант» шенінен айырылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеуқұқынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар