АСТАНА. 21 шілде. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода әскери қызметшілер арасында V Бүкіләлемдік жазғы ойындар өтуде, оған қазақстандық армияшылар да қатысуда,
деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, 100 метрлік қашықтықты 1 минут 01,88 секундта жүзіп өткен қазақстандық Евгений Рыжков қола жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ армияшылар сапындағы боксшыларымыз Мерей Ақшалов пен Берік Әбдірахманов та алғашқы кездесулерінде қарсыластарынан басым түсті.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.