Балалар әскери-тарихи музейінде болды.
Балаларға музейдегі құнды материалдар мен жәдігерлер туралы Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова айтып берді.
Сонымен қатар, жиналғандарға «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының алматылық филиалының тәрбиеленушілері концерт ұсынды. Балаларға арнап ән салып, би билеп, театрландырылған көрініс қойды.
« Балалар - болашақта біздің елдің мықты азаматы болу үшін оларды бақытты етуге тырысу керек. Бұл бағытта біз көп жұмыс істеп жатырмыз», - дейді ұйымдастырушылар